locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әбиба Әбужақынова Душанбе қаласындағы Grand Slam турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Әбиба Әбужақынова Душанбе қаласындағы Grand Slam турнирінің жартылай финалына жолдама алды
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Тәжікстан астанасы өтіп жатқан беделді Grand Slam турнирінде сәтті өнер көрсетуде.

Жартылай финалға жолдама алу жолында қазақстандық дзюдошы 1/8 финалда татамидің иесі Райхонай Розиқзодаға қарсы шығуы керек еді. Алайда ұйымдастырушылардың мәліметінше, тәжіктен шыққан спортшы салмақ шегінен асып кетуіне немесе жарақатына байланысты жарыстан шеттетілді. Осылайша, Әбиба Әбужақынова тікелей ширек финалға өтті.

Аталған кезеңде оның қарсыласы жапониялық Вакана Инагаки болды. Қайсарлық танытқан отандасымыз тартысты белдесуде соңғы секундтарда жеңісті жұлып алып, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Әбиба - Азия құрлығының үздік дзюдошыларының бірі. Биыл наурызда ол Линц қаласында өткен Grand Prix кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Ал Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиадада бесінші орын иеленген болатын..

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie