Көптен күткен оқиға. Елдос Сметов татамиге қайта оралды
Қазақстандық дзюдо аңызы Елдос Сметов өзінің жанкүйерлеріне көптен күткен жаңалығын жеткізді.
Сметов ұзақ үзілістен кейін жаттығуларын қайта бастағанын және оқу-жаттығу жиынында жүргенін мәлімдеді.
«Ассалаумағалейкум, Қазақстан халқы!
Қазір біз оқу-жаттығу жиынындамыз. Әр күн татамиде – жаңа деңгей, жаңа күш. Чемпиондық еңбекпен келеді.
Жаңа белестерді бағындыруға дайындық жалғасуда. Алға, тек алға!» – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.
Елдос үшін соңғы ресми турнир – Париж-2024 Олимпиадасы болды, онда ол 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Оның қоржынында үш олимпиадалық медаль бар: Рио-2016-да күміс, Токио-2021-де қола және Париж-2024-те алтын. Сондай-ақ ол әлем, Азия чемпионы әрі Азия ойындарының жеңімпазы.
Олимпиададан кейін спортшы үзіліс алып, Лондонға барып, ағылшын тілі курстарынан өтті, кейін иығына операция жасатты.