Керемет камбэк: Қазақстандық балуан қырғыз палуанын жеңіп, Азия чемпионатының финалына жолдама алды
Омар Дүйсембек Бішкекте өз жанкүйерлерінің алдында белдескен қарсыласын сенімді жеңді
Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: duisembek_omar
Бішкекте 15 және 20 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Грек-рим күресінен Қазақстан намысын қорғаған Омар Дүйсембек 77 келі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.
Жартылай финалда ол жергілікті балуан, қырғызстандық Адилет Абыкеевпен кездесті. Бұл белдесуде басты фаворит деп есептелген қарсыласына қарамастан, Омар тамаша күрес көрсетіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Енді финалда ол ирандық Бувери Пианимен алтын медаль үшін белдесетін болады.
Бір-ақ келі жетпеді. Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.