Қырғызстан қазақстандық палуанды бет қаратпай ұтты
Азия чемпионатының жартылай финалында Дүрсүнов жеңіліп, қола медаль үшін күреседі
Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: olympic.kz
Бішкекте 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда.
Грек-рим күресінен Қазақстан сапында өнер көрсеткен Алихан Дүрсүнов 72 келі салмақта финалға шыға алмады.
Оның қарсыласы — жергілікті балуан Ілгиз Қаныбеков айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп — 8:0. Осылайша, Қаныбеков финалда алтын үшін күреседі, ал Дүрсүнов қола жүлде үшін кілемге шығады.
Темірлан Тұрдақын Иран балуанын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
Ерасыл Мусан өзбек балуанын ойсырата жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.