Ерасыл Мусан өзбек балуанын ойсырата жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстандық балуан 10:1 есебімен айқын басымдық танытты
Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: olympic.kz
Бішкекте 15 және 20 жасқа дейінгі балуандар арасында грек-рим күресінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Ерасыл Мусан өзбекстандық Шахзод Рузехуновпен белдесті.
Әлемдік рейтингте қарсыластар деңгейлес саналса да, Ерасыл кездесу барысында толық басымдық көрсетіп, 10:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Енді жартылай финалда ол ирандық Ахмади Балутакиге қарсы шығады.
Керемет камбэк: Қазақстандық балуан қырғыз палуанын жеңіп, Азия чемпионатының финалына жолдама алды.