locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қырғыздың танымал балуандары Азия чемпионатына қатыспайтын болды

Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Қырғыздың танымал балуандары Азия чемпионатына қатыспайтын болды
Фото: gettyimages

Иорданияда күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатына қырғыздың Олимпиадада жүлде алған танымал балуандары қатыспайтын болды.

25-30 наурыз күндері Иордания астанасы Амманда өтетін біріншілікке көрші ел құрамасы сапында 27 балуан аттанбақ. Олардың қатарында Жоламан Шәршенбеков, Ақжол Махмудов, Айсұлу Тыныбекова, Мейірім Жұманазарова сынды балуандар турнирден тыс қалғалы отыр.

Грек-рим күресі бойынша толық жаңа құрам барады. Ал еркін күрес бойынша бұған дейін Олимпиада мен әлем чемпионатындарында белдескен Тайырбек Жумашбек уулу, Эрназар Акматалиев, Арсалан Будажапов секілді белгілі спортшылар сынға түседі. Бұдан бөлек, әйелдер күресі бойынша әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Айпері Меденқызы мен Азия ойындарының күміс жүлдегері Нұрзат Нұртаева күрескелі отыр.

Тағы да оқыңыз: Грек рим күресінен қазақстандық балуандар Азия чемпионатына бас бапкерсіз барады

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie