locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Грек рим күресінен қазақстандық балуандар Азия чемпионатына бас бапкерсіз барады

Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Грек рим күресінен қазақстандық балуандар Азия чемпионатына бас бапкерсіз барады
Фото: olimpic.kz

Грек рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері әлі тағайындалмады. Бұл жөнінде федерацияның бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді.

"Құрамада әлі бас бапкер жоқ. Оған әлі күнге дейін үміткер адам да жоқ. Иорданияда өтетін Азия чемпионатына құраманы аға жаттықтырушы Нұрым Дүйсенов бастап апаратын болады", - деді Димаш Сұлтанов.

Париж Олимпиадасынан соң грек-рим күресінің бас бапкері Юрий Мельниченко қызметінен өз еркімен кеткенін бұған дейін хабарлағанбыз. Қазіргі уақытта ол құрамада кеңесші бапкер қызметін атқарып жүр.

Өткен жылы Юрий Мельниченконың жетекшілігімен Қазақстан грек-рим күресі құрамасы нәтижелі өнер көрметті. Атап айтқанда, Париж Олимпиадасында 1 күміс және әлем чемпионатында 1 күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Азия чемпионатынан 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдегемен оралған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie