Харбин-2025: Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар мұздағы өнерін аяқтады
Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Фото: olimpic.kz
Бүгін Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудың мұздағы би бағдарламасында жүлдегерлер есімі белгілі болды. Қазақстан атынан бұл сайысқа Гауһар Наурызова мен Бойсангур Датиев қатысты.
Қазақстан құрамасы (Гауһар Наурызова мен Бойсангур Датиев) еркін бағдарламадағы ұлттық бояуы қанық жаттығуы үшін 87.14 балл алды. Кеше олар ырғақты би үшін 55.02 ұпай жинаған.
Осылайша, Гауһар мен Бойсангур жалпы есепте 142.16 ұпаймен 5-орынға жайғасты.
Бас жүлдені жарыс Қытай құрамасы жеңіп алса, күміс пен қоланы Жапония командасы иеленді.
Айта кетейік, Гауһар мен Бойсангур үшін бұл алғашқы Азиада ойындары.
Софья Самоделкина қысқа бағдарламадан кейін төртінші орынға жайғасты