locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Футбол жұлдызының бұрынғы әйелі ашық сахналарға түсіп, аяусыз сынға ұшырады

Аргентиналық тележүргізуші әрі «Галатасарай» шабуылшысы Мауро Икардидің бұрынғы жары Ванда Нара тағы да жұрт назарында.
Басқа спорт түрлері
Футбол жұлдызының бұрынғы әйелі ашық сахналарға түсіп, аяусыз сынға ұшырады
Фото; Инстаграм

39 жастағы танымал тұлға 22 қазанда премьерасы өткен аргентиналық «Менің ұлым болғың келе ме?» (¿Querés ser mi hijo?) фильмінде басты рөлді сомдады, деп хабарлайды Sports.24.kz.

Нараның түсірілім алаңындағы серіктесі 30 жастағы актер әрі әнші Агустин Бернаскони болды.

Фильм желісі бойынша Ванданың кейіпкері сүйіктісінің көзіне шөп салғанын біліп, өмірін жаңадан бастауға шешім қабылдайды. Беделді жұмысқа орналасу үшін ол жас көршісінен өзін ұлымын деп көрсетуді сұрайды. Алайда кейін кейіпкерлер арасында романтикалық сезім пайда болады.

Көрермендердің ерекше назарын Нара мен Бернаскони қатысқан ашық сахналар аударды. Фильмнен үзінділер әлеуметтік желілерде тез тарап, қызу талқылауға ұласты.

Дебюті сын толқынына ұласты

Картинаға деген қызығушылық жоғары болғанына қарамастан, киносыншылардың алғашқы пікірлері негізінен теріс болды.

Шолушылар Ванда Нараның актерлік ойынын сынға алып, сюжеттің болжамдылығына және әзілдің аздығына назар аударды.

Атап айтқанда, аргентиналық киносыншы Диего Батлье басты рөлдің орындалуына көңілі толмайтынын білдіріп, танымал тұлғаның актерлік қабілетіне күмән келтірді.

Соған қарамастан Нара жобадағы жұмысына оң баға беріп, фильмді эмоцияға толы романтикалық комедия деп атады.

Еске сала кетейік, Ванда Нара футболшылар Макси Лопес және Мауро Икардимен қарым-қатынасы арқылы кеңінен танымал болды. Оның соңғысымен айырылысуы көпшілік алдындағы көптеген жанжалдарға ұласты.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie