locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Еуропа кубогының екінші күні қазақстандық жас дзюдошылар үшін қалай аяқталды?

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram

Анталияда (Түркия) өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының екінші жарыс күні аяқталды.

Бұл күні татамиге жасөспірім ұлдар -73 кг, -81 кг, -90 кг және +90 кг, ал қыздар -57 кг, -63 кг, -70 кг және +70 кг салмақ дәрежелерінде шықты.

Қазақстандық дзюдошылар табысты өнер көрсетіп, қоржынға бес медаль салды. Токтар Батырхан (-90 кг) мен Мырзатай Қыдырбай (-73 кг) алтын медаль жеңіп алып, турнир чемпионы атанды.

Қола жүлдені Даулеткерей Сефил (-73 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг) және Ердәулет Жұмабай (+90 кг) иеленді.

Бұл жарыста 24 елден 448 жасөспірім дзюдошы бақ сынады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie