Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа чемпионатының алғашқы күнінде 17 медаль жеңіп алды
Қазақстандық жасөспірімдер дзюдодан Еуропа кубогін сәтті бастады.
Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан Еуропа кубогі басталып, Қазақстан құрамасы алғашқы күннің өзінде керемет нәтиже көрсетті. Спортшыларымыз 17 медаль жеңіп алып, оның 5-еуі алтын, 3-еуі күміс және 9-ы қола жүлде болды.
Өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанған спортшылар: Арман Мұса (-50 кг), Арсен Елемес (-55 кг), Бақдәулет Қабдешов (-60 кг), Мұхаммедәлі Жылқайдар (-66 кг) және Фатима Супугалиева (-52 кг).
Финалда күресіп, күміс медаль иеленгендер – Аслан Ерғалиев (-55 кг), Ернұр Батырғали (-60 кг) және Жанайым Мұратбек (-52 кг).
Қола медаль иегерлері: Мерей Дәулетхан (-50 кг), Фархат Зейнолла (-50 кг), Сейітжан Маметов (-55 кг), Әкежан Әбдіманап (-55 кг), Заманбек Бақтығали (-66 кг), Ролан Қайырғали (-66 кг), Ульяна Пряхина (-40 кг), Айнара Сейтжанова (-44 кг) және Әсел Русланова (-48 кг).
Бүгін, 9 наурызда, Еуропа чемпионатының екінші күні жарыстар жалғасады. Ерлер -73 кг, -81 кг, -90 кг және +90 кг салмақ дәрежелерінде, ал әйелдер -57 кг, -63 кг, -70 кг және +70 кг салмақ дәрежелерінде өнер көрсетеді.
Бұл дода 2025 жылдың 8-9 наурызы аралығында өтеді. Турнирге 24 елден 448 дзюдошы қатысуда.
Алдын біз, Қазақстандық биатлоншы Турсбюдегі әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткенін хабарлап едік.