locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Есет Қуанoв Будапешттегі әлем чемпионатындағы жекпе-жегін ерте аяқтады

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Есет Қуанoв Будапешттегі әлем чемпионатындағы жекпе-жегін ерте аяқтады
ФОТО: KazJude

Қазақстандық дзюдошы Есет Қуанов Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында жарыс жолын екінші айналымнан бастап, өкінішке қарай, келесі кезеңге өте алмады.

73 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қуановтың алғашқы қарсыласы – тәжірибелі француз балуаны Жоан-Бенжамен Габа болды. Айта кетейік, Габа – Париж-2024 Олимпиадасында аралас командалық жарыста алтын, ал жекелей сында күміс медаль еншілеген мықты спортшы. Қарсыласына есе жіберген Есет жарысты ерте аяқтап, 1/8 финалға жолдама ала алмады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір ғана жүлде бар. 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie