Эдуард Ким жүзуден Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды
Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Эдуард Ким Парижде өтіп жатқан көркем жүзу бойынша Әлем кубогында екінші орынға ие болды.
Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада 213,8167 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды. Жарыста британдық Ранжу Томблин жеңіске жетті – 214,3966 ұпай. Үздік үштікті испаниялық Жорди Иглесиас түйіндеді – 213,5992 ұпай.
Бүгін, 1 наурыз күні спортшылар еркін бағдарламада жүлделі орындар үшін таласады. Бұл жарысқа 22 елден 167 спортшы қатысуда.
Тағы да оқыңыз: Кошкин Польшадағы триумфынан кейін Нидерландыда қола жеңіп алды