Кошкин Польшадағы триумфынан кейін Нидерландыда қола жеңіп алды
Басқа спорт түрлері
Дамир Кошечкин
Журналист
Кошкин Польшадағы триумфынан кейін Нидерландыда қола жеңіп алды
Қазақстан құрамасының 22 жастағы коньки тебушісі Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды.
Жас спортшы 500 метр қашықтықта үшінші орын иеленді.
Кошкин мәреге 34,30 секундта жетіп, бұл көрсеткіш оның жеке рекордына айналды.
Жарыста жеңіске 21 жастағы нидерландтық Еннинг Де Бо жетті (34,18). Ал екінші орынды АҚШ өкілі Джордан Штольц иеленді (34,27).
Айта кетейік, бұған дейін Кошкин Польшада алтын медаль иегері атанған болатын.