locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Эдуард Ким Египетте өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Басқа спорт түрлері
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Эдуард Ким Египетте өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
ФОТО: Getty images | Фотода он жақта

Хургадада (Египет) өткен көркем жүзуден әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Эдуард Ким техникалық бағдарлама бойынша қола жүлдені жеңіп алды. Оның 211,2383 ұпай жинаған нәтижесі үшінші орынға шығуға мүмкіндік берді.

224,5450 ұпай жинаған қытайлық Ме Гуо жеңімпаз атанса, күмісті британдық Ранджо Томблин (218,7650) иеленді.

Бағдарламаның бұл түрінен Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі де өнер көрсетті: Алдияр Рамазанов алтыншы, Виктор Друзин сегізінші орынды иеленді.

Парижде өткен көркем жүзуден әлем чемпионатында Эдуард Ким 213,8167 ұпай жинап, екінші орын алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie