Дзюдошы Айша Алтай Азия ойындарында Қазақстанға алтын медаль әкелді
Финалда қазақстандық спортшы өзбекстандық қарсыласын жеңді
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Оlympic.kz
Қазақстанның дзюдо құрамасы сапында өнер көрсететін Айша Алтай Бахрейннің Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Оlympic.kz хабарлады.
Ол 70 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде теңдессіз болды.
Финалда Алтай өзбекстандық Шохиста Тураеваны айқын басымдықпен жеңді.
Бұған дейін тағы бір финалдық айқас Қазақстан мен Өзбекстан балуандары арасында өтті. Бұл жолы қазақстандық спортшы жеңіліп қалды. 90 килограмнан жоғары салмақта Қазақстан құрамасының өкілі Адильжан Жаудинов Өзбекстан құрамасынан Алибек Дурдиевке есе жіберді.
Жалпы, Азия ойындарында дзюдо бәсекелері өз мәресіне жетті.