Азиядадағы дзюдодан алтын медаль тағдыры Қазақстан мен Өзбекстан жекпе-жегінде шешілді
Әділжан Жаудинов жеңіліс тапты
Басқа спорт түрлері
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: olympic.kz
Манама (Бахрейн) қаласында өтетін 2025 жылғы Азиядадағы дзюдодан алтын медаль тағдыры Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы жекпе-жекте шешілді.
Финалдық кездесуде Қазақстан құрамасының өкілі Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары салмақта) Өзбекстанның спортшысы Алибек Дурдиевпен татамиде жолықты.
Қазақстандық дзюдошы бұл жолы қарсыласынан ұтылып, күміс медальмен шектелді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылар да Бахрейндегі Азиядада Өзбекстанды өз орнына қойған болатын.