locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Душанбедегі Grand Slam кезеңінде қазақстандық дзюдошылардың қарсыластары белгілі болды

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Душанбедегі Grand Slam кезеңінде қазақстандық дзюдошылардың қарсыластары белгілі болды
ФОТО: olympic.kz

2-4 мамыр аралығында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында дзюдо спортынан көктемгі маусымның басты турнирлерінің бірі - Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) ұйымдастыратын беделді Grand Slam кезеңі өтеді. Бұл додада әлемнің ең үздік дзюдошылары медальдар мен рейтингтік ұпайлар үшін таласады. Қазақстан құрамасы да өз сапындағы мықты спортшылармен бақ сынамақ.

Жарыстың алғашқы күнінде татамиге шығатын қазақстандық дзюдошылар:

• 60 кг: Алдияр Қарғұлов — Анваржон Иброхимов (Өзбекстан)
• 66 кг: Нұрмұхамед Ботабай — Дэн Су (Қытай)
• 73 кг: Ансарбек Ғайнуллин — Жанлонг Гоу (Қытай)
• 73 кг: Ықылас Әлсейт — Мейліс Шамурадов (Түрікменстан)
• 81 кг: Досхан Жолжақсынов — Илхам Союнжов (Түрікменстан)
• 100 кг: Ермұхан Естай — Кароматулло Хакимов (Тәжікстан)
• 100 кг: Мұхамедәлі Мәулідов — Баймұрат Мәжанов (Түрікменстан)

Ерекше назар ел намысын қорғайтын тәжірибелі балуан - Әбиба Әбужақыноваға ауады. Ол жарысты Тәжікстан өкілі Райхонай Розиқзодаға қарсы кездесуден бастайды.

Өткен жылы дәл осы Душанбе кезеңінде Қазақстан құрамасы бір күміс және екі қола медаль жеңіп алған болатын.

Ұлттық құраманың соңғы ірі жарысы Бангкокте өткен Азия чемпионаты-2025 еді. Аталған додада қазақстандық дзюдошылар төрт қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 10-орынға тұрақтады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie