locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының жекелей сайысын төрт қола медальмен аяқтады

Басқа спорт түрлері 27 сәу 2025 10:54
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының жекелей сайысын төрт қола медальмен аяқтады
ФОТО: KazJude

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан дзюдодан 2025 жылғы Азия чемпионатының жекелей сындары аяқталды. Қазақстан құрамасы төрт қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 10-орынға тұрақтады.

Еліміздің жүлдегерлері:
• Шерзод Давлатов (60 кг дейін),
• Ғалия Тынбаева (48 кг дейін),
• Бақыт Құсайбаева (57 кг дейін),
• Мейірлан Максим (90 кг дейін).

Тағы бірнеше қазақстандық дзюдошы жүлдеден сәл ғана қалып қойды. Бірден бес спортшымыз бесінші орынға ие болды: Нұрадил Әлжан, Ержан Еренғайыпов, Ермахан Ануарбеков, Эсмигүл Куюлова және Ақкерке Рамазанова.

Айта кету керек, бұл чемпионатқа Қазақстан жаңартылған құраммен келді. Жастар мен болашағынан үміт күттіретін дзюдошыларға үлкен бәсекелерге бейімделуге мүмкіндік берілді. Бұл дода олардың шеберлігін шыңдайтын маңызды кезең болды.

Жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы (8 алтын, 3 қола) көш бастап тұр. Екінші орында - Өзбекстан (2 алтын, 2 күміс, 3 қола), ал үшінші сатыда - Оңтүстік Корея (2 алтын, 1 күміс, 6 қола). Қазақстан үздік ондықты түйіндеді.

Алайда бұл Бангкоктағы жарыстың соңы емес: 28 сәуір күні командалық бәсекелер басталады. Қазақстан құрамасы командалық есепте жүлде үшін күресті жалғастырады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie