Диас Жиренбаев алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды
Қарағандыда 2024 жылғы Қазақстан чемпионаты бойынша мәнерлеп сырғанау жарысы өз мәресіне жетті.
Ерлер арасындағы жеке сырғанау санатында тұңғыш рет чемпион атағын 21 жастағы Диас Жиренбаев жеңіп алды. Ол еркін бағдарлама мен жалпы ұпай бойынша жеке рекорд орнатты. Жиренбаев 200,63 ұпай жинады (қысқа бағдарламада – 66,98, еркін бағдарламада – 133,65).
Бұған дейін Жиренбаев бес рет Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, үш күміс пен екі қола медальға ие болған. Ал сол турнирлердің барлығында Михаил Шайдаров жеңімпаз болған еді. Алайда Қарағандыдағы жарыстарға ұлттық құраманың көшбасшысы, жақында ISU Гран-при финалында өнер көрсеткен Шайдаров қатыспады.
2024 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Никита Кривошеев болды. Ол 197,61 ұпай жинады (66,09 + 131,52). Қола медаль Артур Смағұловқа бұйырды, оның қорытындысы – 181,72 ұпай (66,39 + 115,33).
София Самоделкина Қазақстан чемпионатында сенімді жеңіске жетіп, чемпион атанды.
Хоккей
Бүгін 04:37
Теннис
Бүгін 04:00
Теннис
Бүгін 03:17