София Самоделкина Қазақстан чемпионатында сенімді жеңіске жетіп, чемпион атанды
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Бұрынғы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақстан чемпионы атанды. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша ол 175,70 ұпай жинады.
2-орынды Зере Сарбалинова иеленіп, жалпы 132,61 ұпай жинады, ал 3-орын София Фарафоноваға бұйырды (127,95 ұпай).
Самоделкина қысқа бағдарламадан да үздік нәтиже көрсетіп, төрешілерден 57,60 ұпай алды.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың көктемінен бастап спортшы халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Күзде ол Евгений Плющенко академиясынан шығып, Лос-Анджелеске Рафаэль Арутюнянның қол астына тәжірибеден өтуге аттанған еді.