locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайсар Бекенов Астана – Челси матчының билет бағасының жоғары болуын түсіндірді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қайсар Бекенов Астана – Челси матчының билет бағасының жоғары болуын түсіндірді
ФОТО: Getty images

12 желтоқсанда “Астана” футбол клубы Алматыда УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінің 5-турында “Челсиден” 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Осыған байланысты клубтың маркетинг және қоғаммен байланыс бөліміне жауапты маман Қайсар Бекенов бұл матчтың билеттеріне қойылған баға жөнінде пікір білдірді.

“Алдын ала өткен әкімдік жиналысында бізге билеттің бағасын жоғарырақ қою ұсынылды. Себебі алыпсатарлардан келетін зиянды азайту маңызды болды. Біздің негізгі мақсатымыз пайда табу емес еді. Бұл матчты көргісі келген адам бәрібір билет сатып алады. Егер билетті 40 мың теңге емес, 10 мың теңге деп белгілесек, алыпсатарлар оны әлдеқайда қымбат бағада қайта сататын еді. Сондықтан осындай шешім қабылдадық,” – деді Қайсар Бекенов “Соққы және Гол” YouTube арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, “Астана” командасы топтық кезеңнің соңғы, 6-турында 20 желтоқсан күні сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ командасына қарсы ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie