locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Александр Козинов Pro Hokei Ligasy чемпионатының өткен аптадағы үздік ойыншысы атанды

Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Александр Козинов Pro Hokei Ligasy чемпионатының өткен аптадағы үздік ойыншысы атанды
ФОТО: Pro Hokei Ligasy

“Ақтөбе” шабуылшысы Александр Козинов Қазақстан хоккей чемпионаты Pro Hokei Ligasy-ның 13-ойын аптасының үздік ойыншысы деп танылды.

26 жастағы шабуылшы төрт матчта 6 (2+4) ұпай жинап, “+4” пайдалы әрекет көрсеткішімен көзге түсті. 2024/2025 маусымында Козиновтың еншісінде 13 матчта 10 (5+5) ұпай бар.

Өткен аптада ақтөбеліктер төрт матчтың үшеуінде жеңіске жетті. Олар екі рет “Горнякты” (8:3 және 5:4 Б) және “Сарыарқаны” (3:0) жеңді.

“Ақтөбе” чемпионат кестесінде 29 ұпаймен алтыншы орында тұр. Көшбасшы “Торпедодан” тоғыз ұпайға қалып келеді.

23 және 24 желтоқсанда “Ақтөбе” Астанада “Номадқа” қарсы сырт алаңда ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie