locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Денис Никиша тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Денис Никиша тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша өзінің әлемдегі мықты спринтерлердің бірі екенін тағы да дәлелдеді. Пекинде өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында ол 500 метрлік қашықтықта күміс жүлде жеңіп алып, былтырғы жетістігін қайталады.

Финалдық жарыста Никиша жоғары жылдамдық пен тактикалық шеберлігін көрсетті. Алайда мәре сызығында ол канадалық Стивен Дюбуаға жол беріп, екінші орын алды. Қола медаль нидерландтық Йенс ван ’т Ваутқа бұйырды.

Бұл жетістік Денис Никишаны Қазақстан шорт-трегі тарихына енгізді, өйткені ол – ересектер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері атанған жалғыз қазақстандық спортшы.

Пекиндегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетуде. Никишаның жүлдесінен бөлек, Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафета жарысында жартылай финалға шықты, бұл да ұлттық құрама үшін маңызды жетістік.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie