Қазақстандық командалар шорт - тректен ілем чемпионатының жартылай финалына шықты
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram
Қазақстан әйелдер құрамасы шорт-тректен әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды. Бейжіңде өтіп жатқан жарыстың ширек финалында қазақстандық спортшылар Польша мен Италиядан озып, бірінші орын алды.
Ерлер құрамасы да жартылай финалға шықты. Олар өз жарысында Түркия мен Жапонияны артқа тастап, екінші орын иеленді. Бірінші орынды Канада құрамасы жеңіп алды.
Енді Қазақстанның қос құрама командасы жартылай финалда бақ сынайды. Бұл кезеңде оларды мықты қарсыластар күтіп тұр.
Бұған дейін жекелей сында Әділ Ғалиахметов те жартылай финалға өткен болатын. Бейжіңдегі әлем чемпионаты 4-16 наурыз аралығында өтеді.