locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әбиба Әбужақынова Душанбедегі Grand Slam турнирінің ширек финалына күрессіз жолдама алды

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Душанбе қаласында өтіп жатқан Grand Slam кезеңіндегі жарысын бірден 1/4 финалдан бастайды. 2 мамырға жоспарланған қарсыласы - турнир иесі Райхонай Розикзода (Тәжікстан) болғанымен, бұл жекпе-жек өтпейтін болды. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) тәжік спортшысын жарыстан алып тастады.

Осылайша, Әбиба автоматты түрде келесі кезеңге өтті. Ширек финалда ол жапониялық Вакана Инагаки мен ресейлік Ольга Борисова арасындағы кездесудің жеңімпазымен күреседі.

Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді және Азиядағы ең мықты дзюдошылардың бірі саналады. 7 наурыз күні ол Аустрияның Линц қаласында өткен Гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Әбиба 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан сынға түсіп, бесінші орынға ие болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie