Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын екі қола медальмен бастады
Басқа спорт түрлері
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: ҚР ҰОК
25 сәуірде Бангкок қаласында (Таиланд) дзюдодан Азия чемпионаты басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошылар екі қола медаль жеңіп алды. 48 келі салмақта Ғалия Тынбаева тайпейлік дзюдошы Чен Хао Линді жеңіп, құрамаға чемпионаттағы алғашқы медалін әкелді.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шерзод Давлатов көзге түсті. Үшінші орын үшін белдесуде ол Өзбекстан өкілі Бахром Батуровқа қарсы татамиге шықты.
Чемпионаттың екінші күні, 26 сәуірде ел намысын Есет Қуанов, Азат Күмісбай, Мәди Амангелді, Бақыт Құсақбаева, Есмегүл Құйлова және Кристина Сотникова қорғайды.

