locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық боксшылар тағы да өзбектерді орнына қойды. Бахрейнде кезекті алтын

Камила Оспанова Бахрейндегі жасөспірімдер Азия ойындарында бесінші алтынды сыйлады
Қазақстандық боксшылар тағы да өзбектерді орнына қойды. Бахрейнде кезекті алтын
ФОТО: KBF

Қазақстандық былғары қолғап шебері Камила Оспанова 2025 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарының чемпионы атанды. Жарыс Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатыр.

75 келіге дейінгі салмақта өткен финалда Камиланың қарсыласы өзбек спортшысы Самира Тургунова болды. Үш раундқа созылған жекпе-жек толықтай қазақстандық боксшының бақылауында өтті - төрешілердің барлығы бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Оспановаға берді.

Бұл жетістік Қазақстанның биылғы Азия ойындарындағы бокстан бесінші алтыны болып тіркелді және ел боксы мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Камила суыққанды мінез танытып, дәлдік пен күшті үйлестіре отырып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.

Айта кетейік, бұған дейін Азия ойындарының чемпиондары атанғандар: Жұмағали Нұрмахан (50 кг), Досжан Жұмахан (54 кг), Аяулым Оспанова (66 кг) және Даниял Шалқарбай (66 кг). Соңғысы өзбек қарсыласын нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie