Азия ойындары-2025: Қазақстандық шаңғышылар медальдық марафонды жалғастырды
2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында 12 ақпанда Харбин қаласында шаңғы жарысы бойынша командалық эстафета аяқталды.
Қазақстанның ерлер құрамасы 4×7,5 км қашықтықта үшінші орынға ие болып, қола жүлдені жеңіп алды. Команда құрамында Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық стиль), Олжас Климин және Владислав Коволев (еркін стиль) өнер көрсетті.
Эстафетаға 9 елдің спортшылары қатысты. Алтын жүлде Қытай құрамасына бұйырса, күміс медаль Жапония спортшыларына табысталды.
Бұл қазақстандық шаңғышылар үшін Харбиндегі ойындарда алған төртінші медаль болды. Бұған дейін Константин Борцов жекелей сайыста күміс, Олжас Климин қола медаль еншілесе, әйелдер командасы бүгінгі эстафетада күміс жүлдені жеңіп алды.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Азия ойындарында қысқа бағдарламада жақсы нәтиже көрсетті