locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Азия чемпионаты – 2025: Қазақстан таэквондодан Өзбекстаннан да төмен нәтиже көрсетті

Кадеттер арасындағы жарыста көрші ел де үздік үштікке ене алмады
Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Азия чемпионаты – 2025: Қазақстан таэквондодан Өзбекстаннан да төмен нәтиже көрсетті
ФОТО: olympic.kz

Таэквондодан кадеттер арасындағы 2025 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бесінші орын алды.

Біздің таэквондошылар турнир барысында:

– 1 алтын,

– 3 күміс,

– 4 қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, Өзбекстан құрамасы да үздік үштікке жете алмай, төртінші орынға тұрақтады. Көрші елдің көрсеткіші: 3 алтын, 0 күміс, 4 қола.

Медальдық есепте көш бастағандар:

  1. Таиланд – 5 алтын, 4 күміс, 1 қола
  2. Оңтүстік Корея – 4 алтын, 6 күміс, 3 қола
  3. Қытайлық Тайбэй – 4 алтын, 3 күміс, 6 қола

Қазақстандық кадеттердің Азия біріншілігіндегі бұл нәтижесі – спортшылардың әлеуеті бар екенін көрсетті, дегенмен жүлделер сапасы жағынан көрші елден төмен болды. Ендігі мақсат – келесі ірі жарыстарда кемшіліктерді түзетіп, биік тұғырдан көріну.

Қазақстан алғаш рет суға жүзуден әлем Кубогының кезеңін қабылдайды – Баландин маңызды жаңалықпен бөлісті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie