Қазақстаннан алда: Өзбекстан Азиада-2026-да қалай өнер көрсетті
Өзбекстан құрамасы Айчи мен Нагояда өткен 2026 жылғы жазғы Азия ойындарын жалпы медаль кестесінде бесінші орынмен аяқтады. Турнир барысында өзбекстандық спортшылар 70 жүлде жеңіп алды: 21 алтын, 25 күміс және 24 қола, деп хабарлайды Sports24.kz.
Өзбекстанға төртінші орынға көтерілуге аз ғана жетпеді. Алтын медаль саны бойынша команда Үндістанмен тең түсті - екі құрама да 21 рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Алайда күміс медаль саны бойынша үндістандықтар алға шықты: 27-ге 25.
Осылайша Өзбекстан Үндістаннан кейін бесінші орынға жайғасып, Иран, Таиланд және Қазақстан құрамаларын артта қалдырды.
Жалпы жүлде санына қарасақ, Қазақстанның көрсеткіші жоғары болды. Қазақстандық спортшылар 84 медаль жеңіп алса, Өзбекстан 70 жүлде жинады. Бірақ медаль кестесінде негізгі көрсеткіш алтын саны болғандықтан, қорытынды орындар өзгеше қалыптасты.
Қазақстан құрамасының еншісінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола бар. Жалпы жүлде саны көбірек болғанымен, команда сегізінші орын алды. Ал Өзбекстан 21 алтын медальдың арқасында бесінші сатыға көтерілді.
Екі құраманың басты айырмашылығы да осы тұстан көрінеді: Қазақстан Өзбекстаннан 14 медаль артық жеңіп алды, алайда алтын саны бойынша қарсыласынан едәуір қалып қойды - 12-ге 21.
Азиада-2026 медаль кестесінде бірінші орынды Қытай иеленді. Қытайлық спортшылар 341 жүлде, соның ішінде 169 алтын медаль жеңіп алды. Жапония 269 медальмен екінші болса, Оңтүстік Корея 150 жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.
