Қазақстандық биатлоншы Турсбюдегі әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті
8 наурызда Швецияның Турсбю қаласында өткен IBU пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Ербол Хамитов 7,5 шақырымдық спринтте (отырып) алтын медаль жеңіп алды. Ол 19 минут 38 секунд нәтижемен мәре сызығын кесіп, қарсыластарынан басым түсті.
Осыдан үш күн бұрын, 5 наурызда, Хамитов Норвегияның Тронхейм қаласында өткен әлем чемпионатында 10 шақырымдық спринтте қола медаль еншіледі. Ол бұл қашықтықты 22 минут 42,45 секундта бағындырды.
Айта кетейік, IBU пара биатлоннан әлем кубогының финалдық кезеңі Турсбюде 6-11 наурыз аралығында өтуде. Жарыс Швеция биатлон федерациясымен серіктестік аясында алғаш рет осы қалада ұйымдастырылып отыр.
Осылайша, Ербол Хамитов бұл кезеңді екі жүлдемен аяқтап, халықаралық деңгейде өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.