locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық теннисшілер Словениядағы турнирдің ширек финалына дейін жетті

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Olympic.kz

Словенияда өтіп жатқан WTT Feeder Otocec II халықаралық турнирі аяқталуға жақын. Қазақстандық теннисшілер жақсы нәтиже көрсетіп, әсіресе, жұптық сайыста көзге түсті.

Қарағандылық Зауреш Акашева мен алматылық Сарвиноз Миркадирова жарыстың ширек финалына дейін жетті. 1/8 финалда олар словениялық Катарина Стразар мен Леа Паулинді 3:1 есебімен жеңсе, жартылай финал жолдамасы үшін жекпе-жекте жапониялық Такея Мисузу мен Акае Кахоға 1:3 есебімен есе жіберді.

Ерлер арасында Айдос Кенжигулов пен Санжар Жубанов 1/8 финалда австриялық-хорватиялық жұпқа 1:3 есебімен ұтылып, турнирді аяқтады.

Жекелей сында Кирилл Герасименко 1/16 финалға дейін жетіп, француз Джо Сейфридке 2:3 есебімен жол берді.

3 сәуір күні Софья Самоделкина әлем чемпионатынан кейін Қазақстанға оралды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie