Қазақстандық таэквондошы Ислам ынтымақтастығы ойындарының жүлдегері атанды
Нұрбек Газез Эр-Риядтағы жарыстардың қола жүлдегері болды
Басқа спорт түрлері
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: olympic.kz
Қазақстандық таэквондошы Нұрбек Газез Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Газез 67 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы Буркина-Фасо өкілі Ибрахим Майгимен кездесті.
Газез қола медаль үшін күресте 2:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирді жүлделі үшінші орынмен аяқтады.
Бұған дейін Камила Аймукашева Эр-Риядта таэквондодан қола жүлдегер атанған болатын: қазақстандық спортшы қыз 57 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болған еді.