Қазақстандық спортшылар Косовода өткен WTT Feeder турнирінде бақ сынады
Зәуреш Акашева жеке сында 1/8 финалға жетіп, жұптық жарыстарда ширек финалға дейін барды
Басқа спорт түрлері
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Olympic.kz
Косово астанасы Приштинада үстел теннисінен халықаралық WTT Feeder турнирі өтті. Бұл жарысқа Қазақстан атынан Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Акашева қатысты.
Жеке сында Курманғалиев испаниялық Пантохаға 1:3 есебімен есе жіберсе, Акашева америкалық Гоны 3:1 есебімен жеңіп, 1/8 финалда чилилік Ортегаға 1:3 есебімен жол берді.
Аралас жұптық сында Құрманғалиев пен Акашева Косово елінің спортшыларын 3:0 есебімен жеңсе, ширек финалда жапониялық Екотани/Омода дуэтіне 2:3 есебімен есе жіберді.
Әйелдер жұптық жарысында Зәуреш Акашева мен словениялық Ана Тофант түркиялық Харак/Йылмаз дуэтін 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалда жапондық Акае/Такея жұбына 0:3 есебімен жол берді.
Қазақстан жасөспірімдері Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды.