locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан жасөспірімдері Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Хегай мен Идрисов ел қоржынына екі алтын мен бір күміс салды
Басқа спорт түрлері
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Қазақстан жасөспірімдері Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды
ФОТО: Olympic.kz

8 маусым күні Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы үш жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке финалдарда Роман Хегай мен Нуртан Идрисов көзге түсті. Атпен жаттығуда Хегай 13.800 ұпаймен алтын медаль иеленсе, Идрисов осы сында 12.866 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, Нуртан Идрисов қоссырықтағы жаттығуда 13.933 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды.

Жасөспірімдер арасындағы командалық көпсайыста Қазақстан құрамасы үшінші орын алды.

Бұл нәтиже – соңғы жылдардағы Азия біріншілігіндегі ең үздік көрсеткіштердің бірі саналады.

Нариман Құрбанов – көркем гимнастикадан Азия чемпионы

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie