Қазақстандық спортшы шорт- тректен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram
Бейжіңде өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында спортшылар шешуші кезеңге шығу үшін бақ сынауда. 1500 метр қашықтықтағы іріктеу жарысында Қазақстан атынан бірнеше спортшы өнер көрсетті.
Әділ Ғалиахметов өз тобында мәре сызығын екінші болып кесті. Осы нәтижесінің арқасында ол әлем чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алды.
Глеб Ивченко да келесі кезеңге өтуге талпынды, бірақ үшінші орынмен шектелді. Енді ол жартылай финалға шығу мүмкіндігін жұбаныш жарысында іздейді.
Шорт-тректен әлем чемпионаты 14-16 наурыз аралығында Қытайдың Бейжің қаласында өтеді.
Алдын, Қазақстандық конькимен жүгірушілер әлем чемпионатында жүлдеге сәл жетпей тоқтады