Қазақстандық конькимен жүгірушілер әлем чемпионатында жүлдеге сәл жетпей тоқтады
Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіру спортынан әлем чемпионаты өтуде. Жарыста әлемнің мықты спортшылары жүлделер үшін таласуда. Турнирдің маңызды сәттерінің бірі – әйелдер командалық спринті болды.
Бұл бағдарламада Қазақстан құрамасы атынан Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина сынға түсті. Қазақстандық конькишілер жақсы нәтиже көрсетіп, жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынға ие болды.
Бұл бәсекеде Нидерланд құрамасы жеңіске жетті. Күміс жүлдені Канада спортшылары еншілесе, қола медаль Польша командасына бұйырды.
Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан атынан бес спортшы бақ сынауда. Морозова, Силаева және Важенинадан бөлек, команда сапында Евгений Кошкин мен Алтай Жардембекулы да бар.
Алдын біз: XDS Astana Team қазақстандық командасы Париж-Ницца бесінші кезеңінде сәтті өнер көрсетті