locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында тұтқындалды

19 жастағы чемпион Мединада тергелуде
Басқа спорт түрлері
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында тұтқындалды
ФОТО: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

«За нами уже выехали» телеграм-арнасы хабарлауынша, Астанадан 19 маусымда Ыстамбұл арқылы демалысқа ұшқан спортшы Сергей Веселов алты күн бойы отбасымен байланысып, кейіннен жоғалып кеткен. Әкесінің айтуынша, іздестіру нәтижесінде Сергейдің Мединада тұтқындалғаны анықталды, бірақ оның қылмысы мен қай бөлімде екені әзірге белгісіз:

«Қазіргі уақытта біздің анықтағанымыз – ол тірі. Тергеп‑тексеріс жүргізілуде. Тек бізге қай бөлімде, қандай баппен айып тағылатыны айтылмайды. Консул айтты – уақыт керек. Баламыз Сауд Арабиясында, Мединада», – дейді әкесі.

Қазақстан Республикасының СІМ‑нен «За нами уже выехали» редакциясына келген мәліметке сенсек, ол құқық қорғау органдарының назарында, айып тағылған жоқ, оқиғаның мән-жайы тексерілуде. Веселовтар отбасы адвокат пен аудармашы жалдау үшін қаражат жинап жатыр.

Сергей Веселов – бірқатар сындар мен Азия чемпионы, пауэрлифтинг бойынша әлемдік жарыстарда жүлделі болған спортшы.

Жай ғана алтын емес. Қазақстандық зілтемірші Азия рекордын туған ел алдында жаңартты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie