Қазақстандық спортшы күрес бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды
Қазақстандық Шуғыла Өмірбек Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы украиналық Снежана Онуфриеваны 11:10 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді.
Өмірбек ширек финалда жапониялық Юна Саватаниге 3:5 есебімен есе жіберді. Осыдан кейін қазақстандық балуан жұбаныш кезеңінде өнер көрсетіп, моңғолиялық Халиун Бямбасүрэнгиді жеңді.
Бұл жүлде Қазақстанның 2026 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатындағы әйелдер күресінен алған алғашқы медалі болды. Бұған дейін ұлттық құрама қоржынына бес медальді грек-рим күресінің өкілдері салған еді.
Алтын жүлдеге Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) пен Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) ие болды. Темірлан Түрдақын (87 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алса, Арсен Жұма (55 келіге дейін) мен Джохар Узaров (130 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында турнирде алты медаль болды.