locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық самбошылар Азия мен Мұхит чемпионатының екінші күнінде 16 медаль жеңіп алды

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Қазақстан самбо федерациясы

Ташкент қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан Азия мен Мұхит аймағының чемпионаты жалғасып жатыр.

Кадеттерден бастап шеберлерге дейінгі түрлі жас санатындағы спортшылар қатысып жатқан жарыс 14–20 сәуір аралығында «Өзбекстан» спорт кешенінде өтуде.

Бәсекенің екінші күнінде Қазақстан құрамасының мүшелері сенімді өнер көрсетіп, бірнеше жүлдені жеңіп алды.

Ерлер арасындағы спорттық самбо:

  • Дәурен Қамаш — қола жүлде (88 кг)
  • Әлібек Зекенов — қола жүлде (98 кг)
  • Ғайса Қалмұханов — қола жүлде (+98 кг)

Ерлер арасындағы жауынгерлік самбо:

  • Арман Тұрумбетов — күміс жүлде (58 кг)
  • Аслан Тұрысбеков — күміс жүлде (64 кг)
  • Ниятхан Төлеухан — күміс жүлде (71 кг)
  • Бақытжан Дүйсембеков — алтын жүлде (79 кг)

Әйелдер арасындағы спорттық самбо:

  • Мәдина Ержан — алтын жүлде (80 кг)
  • Аружан Сатова — күміс жүлде (65 кг)
  • Әнель Қайратқызы — қола жүлде (72 кг)
  • Арайлым Әбенова — қола жүлде (+80 кг)

Әйелдер арасындағы жауынгерлік самбо:

  • Жадыра Пайыз — алтын жүлде (50 кг)
  • Жанеля Нәбиева — күміс жүлде (59 кг)
  • Құралай Қабрайқызы — қола жүлде (54 кг)
  • Аружан Кенесары — қола жүлде (65 кг)
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie