Қазақстандық самбошылар Азия мен Мұхит чемпионатының алғашқы күнінде 11 медаль жеңіп алды
2025 жылғы 14–20 сәуір аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) спорттық және жауынгерлік самбодан Азия мен Мұхит елдерінің чемпионаты өтіп жатыр.
Бұл додаға кадеттерден бастап ардагерлерге дейінгі түрлі жас санатындағы спортшылар қатысуда. Жарыстар «Өзбекстан» спорт кешенінде ұйымдастырылған.
Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, бірнеше медаль жеңіп алды.
Спорттық самбо бойынша жүлдегерлер:
бірінші орын — Жандос Бисенбаев (64 кг)
бірінші орын — Арнұр Қуатай (71 кг)
бірінші орын — Айман Ибрагимова (50 кг)
үшінші орын — Айнұр Торебай (54 кг)
үшінші орын — Зарина Мұрадасыл (59 кг)
үшінші орын — Нұрсұлтан Жұбатқан (58 кг)
Жауынгерлік самбо бойынша жүлдегерлер:
бірінші орын — Мәди Райхан (98 кг)
бірінші орын — Нурила Асанқызы (+80 кг)
үшінші орын — Талғат Жиентаев (+98 кг)
үшінші орын — Анара Сүйіндікова (72 кг)
үшінші орын — Ұлтай Сейлова (80 кг)
Чемпионат жалғасуда. Қазақстандық спортшылар құрлық деңгейінде сенімді өнер көрсетіп, жаңа жетістіктерге қол жеткізуді көздеп отыр.