locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық каратэшілер Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай – Grand Winner титулының иегерлері

Қос спортшы да маусымды сәтті өткізіп, өз салмағында үздік атанды
Басқа спорт түрлері
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Қазақстандық каратэшілер Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай – Grand Winner титулының иегерлері
ФОТО: Olympic.kz

Рабатта каратэден Премьер-лига финалдық туры аяқталып, маусымның үздік спортшылары марапатталды. Қазақстандық екі спортшы – Мөлдір Жаңбырбай (50 кг дейін) және Әсел Қанай (61 кг дейін) – беделді Grand Winner титулына ие болды.

Мөлдір Жаңбырбай үшін бұл қатарынан екі маусымда екінші титул. 2025 жылы ол Парижде қола, Ханчжоуда күміс және Каирде алтын медаль иеленген болатын. Ал Әсел Қанай тұрақты өнер көрсетіп, Париж бен Каирде күміс, Ханчжоуда қола медаль жеңіп алып, өз салмағында үздік атанды.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева да Grand Winner атағын алуға үміткер болған еді. Алайда Рабаттағы кезеңде топтан шыға алмай, қарсыластарына есе жіберді.

Шымкентте Азия чемпионаты өтеді: 40 елден 1500-ден астам мерген жиналады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie