locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық ICY Virtus.pro-ға ауысуы туралы: \"Аңызға айналған команданың бір бөлігі болғаныма мақтанамын\"

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Қазақстандық ICY Virtus.pro-ға ауысуы туралы: "Аңызға айналған команданың бір бөлігі болғаныма мақтанамын"
ФОТО: Instagram

29 желтоқсанда, Cloud9 командасының ойыншысы, қазақстандық Қайсар “ICY” Файзнұров CS2 бойынша Virtus.pro құрамына қосылды. Бұл туралы команданың ресми сайтында хабарланды.

"Мен Virtus.pro сияқты аңызға айналған команданың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Бұл жай ғана команда емес, киберспорттағы ең беделді ұйымдардың бірі. Биыл біз үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз және алға қойған мақсаттарымызға жету үшін аянбай еңбек етеміз. Сіздердің қолдауларыңыз бізге әрқашан үлкен күш береді!" — деп бөлісті ICY Virtus.pro-ға ауысуына қатысты.

Қазіргі Virtus.pro құрамының тізімі:

  • Петр “fame” Болышев;
  • Денис “electroNic” Шарипов;
  • Евгений “FL1T” Лебедев;
  • Қайсар “ICY” Файзнұров;
  • Тимур “FL4MUS” Марьев.
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie