locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Virtus.pro CS2 бойынша негізгі құрамына Қазақстандық снайпер ICY-ді қосты

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Virtus.pro CS2 бойынша негізгі құрамына Қазақстандық снайпер ICY-ді қосты
ФОТО: Instagram

Киберспорттық Virtus.pro ұйымы CS2 бойынша негізгі құрамына снайпер Қайсар ICY Файзнұровты қосқанын хабарлады. Ресми жарияланым клубтың сайтында және әлеуметтік желілерінде шықты. Virtus.pro бас директоры Николай Петросян ICY-дің бұл рөлге таңдалуына қатысты пікір білдірді.

"ICY — халықаралық деңгейде өз шеберлігін көрсеткен талантты ойыншы. Біз оның тәжірибесі мен энергиясы командаға жаңа жетістіктерге жетуге көмектесетініне сенімдіміз. Қайсармен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қою — құрамды жасарту стратегиямыздың маңызды бөлігі.

Біз оны Virtus.pro сапында көргенімізге қуаныштымыз және бірге үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенеміз!"

Virtus.pro-ға ауысқанға дейін қазақстандық снайпер Cloud9, Amkal Esports және AVANGAR командаларында өнер көрсетті. Осы кезеңде ол тир-2 және тир-3 деңгейіндегі турнирлерде жүлделі орындарға ие болып, PGL Major Copenhagen 2024 және Perfect World Shanghai Major 2024 жарыстарына қатысып, сәйкесінше 23–24 және 20–22 орындарды иеленді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie