locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық гимнастшылар Азия ойындарында көпсайыстан «қола» жүлдеге ие болды

Қазақстандық спортшылар Қытай мен Жапониядан кейінгі орынға жайғасты
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық гимнастшылар Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында көпсайыстан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшылар көркем гимнастикадан көпсайыс қорытындысы бойынша Қытай мен Жапониядан кейін үшінші орынға жайғасты. Қола жүлдегер атанғандар — Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская.

Бес доппен орындалған жаттығуда қазақстандық гимнастшылар төрешілерден 25,450 ұпай алды. Екінші бағдарламада — үш шығыршық және екі лентамен орындалған жаттығуда 26,100 ұпай жинады. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 51,500 ұпай нәтижесін көрсетті.

Қорытынды көрсеткіштері тек Қытайда (55,300 ұпай) және Жапонияда (52,500 ұпай).

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie