Қазақстандық гимнастар әлем кубогына қатысады
Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Фото: olimpic.kz
Нариман Курбанов бастаған қазақстандық гимнастар Хорватияда өтетін әлем кубогына қатысады
Хорватияның Осиек қаласы 10-13 сәуір аралығында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңін қабылдайды.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында аталған кезеңде кімдер өнер көрсетеді:
- Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдрысов (тұтқалы ат снаряды);
- Милад Карими (керме, еркін жаттығу);
- Асан Салимов (тіреніп секіру).
Айта кетейік, 10-11 сәуір күндері іріктеу болады, ал қалған екі күнде финал өтеді.
Италиядағы Әлем кубогында Қазақстан гимнастаы қола медаль жеңіп алды.