locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Италиядағы Әлем кубогында Қазақстан гимнастшылары қола медаль жеңіп алды

Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Италиядағы Әлем кубогында Қазақстан гимнастшылары қола медаль жеңіп алды
ФОТО: Getty Images

4–6 сәуір аралығында Италияның Риччоне қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өтті.

Қазақстанның ұлттық құрамасы бұл беделді халықаралық жарыста сәтті өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметі.

Синхронды секірулер бойынша Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков жұбы жүлдегер атанып, қола медальға ие болды.

Жекелей бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық спортшы – Данил Мусабаев. Ол бесінші орынға тұрақтады. Ал Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков тиісінше 27-ші және 32-ші орындарды иеленді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie