locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық дзюдошылар Будапешттегі Grand Slam турниріндегі алғашқы қарсыластарын білді

Венгрия астанасында дзюдодан беделді турнир 11 қыркүйекте басталады
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: instagram.com/kaz_judoteam

Қазақстандық дзюдошылар Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Grand Slam турниріндегі алғашқы қарсыластарын білді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан ерлер және әйелдер арасында түрлі салмақ дәрежелерінде сынға түседі. Будапешттегі жарыс 11-13 қыркүйек аралығында өтеді. Жүлделер әлемнің 70 елінен келген 530-дан астам дзюдошы арасында сарапқа салынады.

Назарларыңызға Қазақстанның татами шеберлері үшін өткен жеребе қорытындысын ұсынамыз:

11 қыркүйек

- 48 кг. Диана Буркеева. Қарсыласы – Сабина Гилиязова (Ресей).

- 60 кг. Нурадил Әлжан. Қарсыласы – Бабарахим Мирзаев (Әзербайжан).

- 60 кг. Мағжан Шамшадин. Қарсыласы – Максим Мерлен (Франция).

- 66 кг. Мейірбек Байзақов. Қарсыласы – Ференц Федора (Венгрия).

- 66 кг. Ақжигит Насыр. Қарсыласы – Майкл Фрайер (Ұлыбритания).

12 қыркүйек

- 73 кг. Есет Қуанов. Қарсыласы – Элбек Тожиев (Өзбекстан).

- 73 кг. Ерсұлтан Дүйсенхан. Қарсыласы – Мұхаммад Хамза (Ауғанстан).

- 81 кг. Досхан Жолжақсынов. Қарсыласы – Альфа Джало (Франция).

13 қыркүйек

- 90 кг. Ермахан Ануарбеков. Қарсыласы – Егор Варапаев (Беларусь).

- 90 кг. Даниил Крылов. Қарсыласы – Тони Милетич (Босния және Герцеговина).

- 100 кг. Асқар Биржанов. Қарсыласы – Парвиз Абдурахмонов (Тәжікстан).

+ 78 кг. Акерке Рамазанова. Қарсыласы – Тхауана Силва (Бразилия).

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бокс құрамасы Азиада-2026 ойындарына қатысатын құрамын жариялаған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie