locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы семсерлесуден чемпионатта үздік шпажистер анықталды

Алматылық жас шпажистер жеке және командалық жарыстарда көш бастады, алайда Шымкент пен ШҚО да қалыс қалмады
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы семсерлесуден чемпионатта үздік шпажистер анықталды
ФОТО: Olympic.kz

Шымкентте жасөспірімдер арасындағы семсерлесуден Қазақстан чемпионаты өтуде, мұнда жеке және командалық медальдар сарапқа салынуда.

Жігіттер арасындағы жеке сындарда жеңіс Алматыдан келген Нұржан Әбжановқа бұйырды. Күміс жүлдені Яков Федотов (Алматы облысы) иеленді, қола медальді Бауыржан Анварбек пен Нұрмұхаммед Балтабай (екеуі де — Шымкент) бөлісті.

Қыздар арасында үздік нәтижені алматылық Дарья Самоделкина көрсетті. Екінші орынға Арина Намесникова (ШҚО) ие болды, үшінші орынға Мария Лесовская мен Айдана Мұқатова (екеуі де — Алматы) көтерілді.

Жігіттер арасындағы командалық сындарда Алматы құрамасы топ жарды, екінші орын — ШҚО, үшінші орынды Шымкент пен Алматы облысы бөлісті. Қыздар арасында ең үздік нәтиже Алматы-1 командасына тиесілі болды, екінші орынды ШҚО иеленді, үшінші — Алматы-2, төртінші — Алматының тағы бір командасы.

Жасөспірімдер чемпионаты еліміздің үздік шпажистерін анықтауға және болашақ ұлттық әрі халықаралық турнирлерге дайындалуға тамаша мүмкіндік болды.

28-30 қараша күндері Абу-Дабидегі Grand Slam дзюдо турниріне 14 қазақстандық спортшы қатысады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie